Семейде сал болып қалған азамат ауруханадан полиция бөлімшесіне жеткізілді
Фото: Orda.kz
Қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, омыртқасына ота жасалған Семей қаласының тұрғыны Дәулет Мұқажанов ауруханадан шұғыл шығарылып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
– Мені шығарды, қазір РОП-қа апара жатыр. Арбам жоқ, олардың не қалайтынын білмеймін. Мен отырмын, олар аурухананың жанында көлік күтіп тұр» деді Дәулет Мұқажанов Азаттық тілшісіне бүгін телефон арқылы.
Мұқажановтың айтуынша, жарақат салдарынан оның денесінің төмен жағы сал болып, операциядан кейін катетер қосылған. Бүгін таңертең Дәулет Мұхажанов Азаттыққа полиция өткен аптада ауруханаға келгенін, бірақ дәрігерлер науқасты босатудан бас тартқанын айтты.
– 10 қаңтарда екі жедел қызметкер келді, мені алып кеткісі келді. Дәрігер жібермеді, әзірге қайтара алмаймыз деді. Менің төменгі денем сал болып қалды. Олар менен түсіндірме хат алды, телефонымды алды, - деді Мұқажанов.
Дәулет Мұқажанов 5 қаңтар әкімдік ғимаратының маңында полицияның азаматтарды күшпен басып-жаншуы кезінде жараланған.
Оның айтуынша, атыс басталғанда тәртіп сақшылары болған. Адамдар жан-жаққа қашқан.
– Бір қыз құлап қалды, оны көтеріп алайын деп едім, сол кезде оқ жауырынның арасынан омыртқаға тиді. Оянсам, мені белсенділер сүйреп бара жатты, қол-аяғымды қозғалта алмадым, бірақ олардың: «Оян» дегенін естідім. Біздің қасымызға ОМОНдар жүгіріп келіп, тепкілей бастады, олар менің жараланғанымды білмеді. Бір әйел басымды денесімен жауып: «Ағашкаға тиіспе, оның оқ жарақаты бар» десе, бір полицей оның басынан теуіп: «Сен неге үйде отырмайсың?» деді. Әйел есінен танып қалды. Мен ашулансам да, қозғала алмадым, - деді Дәулет.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі дүйсенбі күні түстен кейін Мұқажановтың «әлі ауруханада жатқанын» хабарлаған.
Полиция департаментінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында мыңнан астам адам ұсталған. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны белгісіз.
Еске салсақ, наразылық шерулері 2 қаңтарда елдің батысында басталып, басқа аймақтарға тараған. Бас прокуратура 15 қаңтар күні кешке жариялаған ресми деректерге сәйкес, 225 адам қаза тапқан. Оның ішінде 19 қауіпсіздік қызметкері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық