Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
Фото: Бейнеден кадр
Семейде оқушыны аяусыз соққыға жыққан жасөспірмідерге қатысты сот ісі жабық режимде өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты шешім шығарды.
Анықталғандай, кәмелетке толмаған екі бала жәбірленушіні өз үйінің ауласында кездестірген. Кейін оқиға орнына басқа да жасөспірімдер жиналып, жәбірленушіге қысым көрсетіп, ұрып-соғып, мазақ қыла бастаған. Л.,Т.,М және В. алтыншы сынып оқушысын жылу қазандығы жанына апарып, ұрып-соққан. Осы уақытта М., В. және Ш. оқиғаны видеоға түсіріп тұрған.
«Екі бала 11 жасқа толмаған, заң бойынша тек осы жастан бастап мамандандырылған мектепке орналастыруға болады. Видеоны түсірген 12 жастағы қыздың арнайы есепте тұрмағаны, бұрын құқық бұзушылық жасамағаны, сабақты жақсы оқитыны анықталды. Үшеуі де ювеналды полицияның арнайы есебіне алынды», делінген сот үкімінде.
Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді. 13 және 16 жастағы екі қыз төрт айға девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектепте оқиды. Олар бұған дейін заң бұзған, яғни алкоголь ішкен, қоғамдық орындарда мас жүрген, түнде ересектердің қарауынсыз көшеге шыққан. Қажет болса, оқу орны мерзімді ұзарта алады.
Ал 13 жастағы ұл ерекше режимдегі мектепке алты айға жіберілді. Ол екі айда екі рет қылмыс жасаған. 2025 жылдың қаңтарынан бастап ювеналдық полицияның есебіне алынған.
Айта кетейік, Семейде жасөспірімдердің алтыншы сынып оқушысын ұрып-соққан видео әлеуметтік желіде тарап, оқиға шу туғызды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық