Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
Фото: instagram.com/kerekemes_kz
Абай облысы Семей қаласындағы Знаменка тас жолының бойындағы мұсылман зиратында жұрт арасында «Лёха Семипалатинский» деген атпен танылған Айтқали Маймушевке ескерткіш орнатылды. Ол Қазақстанда «заңды ұрылардың» бірі ретінде танымал болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жайт әлеуметтік желілер мен жергілікті тұрғындар арасында қызу пікірталас туғызды. Көпшілік Маймушевтің есімін қылмыстық ортамен байланыстырып, мұндай тұлғаға ескерткіш қоюды сынға алды. Алайда Абай облысы әкімдігі бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірмеді.
Айтқали Маймушев құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық идеологияны насихаттап, ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланыс орнатқан. Ол 2024 жылғы 9 қазанда Карелия Республикасындағы Надвоицы елді мекенінде орналасқан қатаң режимдегі ИК-1 колониясында асылған күйде табылған.
Бұған дейін, 2025 жылғы сәуірде тағы бір танымал қылмыстық тұлға «Голова» деген лақап атпен белгілі 60 жастағы Серік Жаманаев Петропавл қаласында онкологиялық дерттен көз жұмған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық