Семейде екі кәсіпкер құны 272 млн теңге болатын құм ұрлады
Фото: freepik.com
Семей қаласында екі кәсіпкердің бір жыл бойы заңсыз құм өндіріп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпкерлер 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Олар заңсыз 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Күдіктілер құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізіп, жалған сертификаттар дайындаған. Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Олар түскен қаражаттың бір бөлігіне фронтальды тиегіш сатып алған. Ол арқылы тағы 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.
Күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам қаражатқа бағаланған мүлкі тәркіленді. Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер және жер учаскесі бар.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Айта кетейік, наурыз айында Семейдегі перзентханада жаңа туған нәрестені күйік шалған еді.
Жаңалықтар
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады