Семейде ассенизатор көлігі төрт баланың анасын қағып кетті
Фото: Бейнежазбадан кадр @abainewskz
Семей қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді ассенизатор көлігі қағып кетті. Әйел сол жерде жан тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Abainews Telegram-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусым күні таңғы сағат 11 шамасында Морозов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде болған, бұл өткелде бағдаршам жоқ екен.
«ЗИЛ» маркалы ассенизаторды, яғни халық арасында «бочка» деп аталып кеткен көлікті айдап келе жатқан жүргізуші Шевченко көшесіне бұрылмақ болған кезде жолды кесіп өтпек болған 35 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
Қайтыс болған әйелдің таныстарының айтуынша, оның артында төрт баласы қалды. Ең кенже қызы небәрі үш жаста екен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда болған қатты дауылдан соң сынып құлаған ағаш бұтағы жүрегіне қадалып қайтыс болған әйелдің отбасына 950 мың теңге берілетіні жайлы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық