Семей перзентханасында жаңа туған нәрестені күйік шалды
Фото: бейнеден кадр
Семей қаласындағы перзентханада жаңа туған нәресте күйік алды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алғашында дәрігерлер бала терісінің зақымдануын жылыту кілемшесінің қатты қызып кетуімен байланыстырды. Алайда кейіннен олар бұл белгілердің генетикалық ауруға қатысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
KTK арнасының мәліметінше, нәресте 2 наурызда дүниеге келген және отбасының төртінші баласы. Тексеру барысында миға қан құйылғаны анықталып, ота жасалған. Дәрігерлер бесінші күні баланың денесінде күйік жарақаты бар екенін анасына хабарлаған.
«Реанимация бөлімінің меңгерушісі келіп, қолында көпіршік бар екенін, күйік шалғанын айтты. Мен сұрадым: «Қалай күйік шалды?» деп. Олар кілемшеде температура реттегіші болғанын түсіндірді. Қарасам, иығынан шынтағына дейін қара күйік, көпіршіктер бар екен», – дейді анасы Камал Оразғалиева.
Мамандар баланың генетикалық мутациясы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, алайда нақты диагноз әлі қойылған жоқ.
«Баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бүгін біз бұл оқиғаға қатысты республикалық деңгейде Ана мен бала орталығымен жиналыс өткіздік. Әзірге нақты диагноз қойылған жоқ. Бала санитарлық авиациямен бүгін немесе ертең Астанаға ауыстырылады. Біз республикалық дәрігерлермен кеңестік. Олар да бұл жарақаттың күйікке ұқсамайтынын айтты. Бұл туа біткен немесе генетикалық өзгерістер болуы мүмкін», – деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.
Қазіргі уақытта перзентханада болған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Сәбидің ата-анасы полицияға шағымданған.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды