«Семей орманындағы» өрт: қорық басшылығына үкім шығарылды
Фото: Абай облысының әкімдігі
Абай ауданында «Семей орманы» табиғи резерватында болған ірі орман өртіне қатысты сот үкімі шықты.
Бородулиха аудандық сотында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін (ҚК 292-бабы 3-бөлігі) қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот анықтағандай, орман өрті кезінде «Семей орманы» қорығы мен Жаңашүлбі бөлімшесінде басшылық қызмет атқарған В. және К. өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша өз міндеттерін орындамаған, жағдайды дұрыс бағаламаған және 14 адамның өліміне әкеп соқтырған өртті сөндіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген.
«Сот екі сотталушының жас балаларының болуы және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот В. мен К.-ны кінәлі деп танып, әрқайсысын жеті жылдан бас бостандығынан айырды» деп хабарлады Абай облыстық соты.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
«Семей орманы» қорығында өткен жылдың маусым айында ірі өрт шыққан болатын. Онда қызмет бабында 14 орманшы мен тағы бір адам, Далон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов қаза тапқан болатын.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған