«Семей орманы» орманын отап жатқандар ұсталды
Фото: Pexels
Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерваты аумағынан ағаштарды заңсыз алып шығуға тырысқан ұрылар ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Экология министрлігінің орман шаруашылығы комитетінің мәліметіне қарасақ, «Семей орманы» резерватының мемлекеттік инспекторлары аймақтық инспекция қызметкерлерімен бірге резерват аумағында рейд жүргізген. 19 қыркүйекте бір орман шаруашылығынан әкетуге дайындалған ағаштар табылды.
«Семей филиалының Талицк орман шаруашылығындағы өртенген орманды әзірлеу кезінде белгіленбеген ағаштардың кесілгені белгілі болды. Кінәлі тұлға анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 381-1 бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», деп хабарлады комитет.
Жақында ғана «Ертіс орманы» табиғи резерваты аумағында 2029 жылға дейін ағаш кесуге ресми түрде тыйым салынған болатын.
Бұл «Семей орманына» қатысты алғашқы ірі жанжал емес. Шілде айында резерват филиалы директорларының бірі ағаш ұрлығына байланысты қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жіберілген болатын. Осы іс бойынша құзырлы орган қызметкерлері жалпы 20-дан астам күдікті тұлғаларды тергеп жатыр.
Жаңалықтар
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды