Секс-туризм Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіреді: Депутаттар заңсыз бизнесті тоқтатуды талап етті
Фото: DALL-E
Қазақстанды «секс-туризм» елі ретінде таныстырып, халықаралық аренада беделімізге қауіп төнуі жайлы Екатерина Смолякова Олжас Бектеновке сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, бір жыл бойы елімізде көші-қон заңнамасын 106 мыңнан астам шетелдік бұзған. Ал шетелдік «экскурсоводтардың» қадағалаусыз келе беруі үнемі мәселе туғызады.
«Бізге Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Үндістаннан, Пәкістаннан және Қытайдан туроператорлар мен гидтер жаппай келіп жатыр. Олар туристерді өз автобустарымен тасымалдап, экскурсиялар өткізіп, қазақстандық нарықтан клиенттерді тартып алып жатыр. Ал біздің туроператорларға сол елдерге жолаушылармен бірге кіруге тыйым салынған. Мұндай жағдайда қалай әділ, тең құқықтар туралы сөз қозғауға болады?» — деп сұрады депутат Смолякова.
Оның айтуынша, заңсыз жұмыс істейтін гидтер салық төлемейді. Мемлекет алдында есеп бермейді және көбіне Қазақстанды туристердің алдында жағымсыз қырынан көрсетеді. Кейбір экскурсияны рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік студенттер жүргізеді. Олар Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білмей, бұрмаланған ақпарат таратады. Бұл елдің беделіне нұқсан келтіреді.
«Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттер жаппай гид болып істеп жүр. Осыдан Қазақстанның “секс-туризм елі” ретінде имиджі қалыптасады. Сауатсыз шетелдік гидтер жемқорлық, қылмыс пен жоғары бағалар туралы жалған ақпарат таратып жүр», — деді депутат.
Смолякова туристерді тіркеу мәселесіне де жеке тоқталды. Оның айтуынша, 15 миллион шетелдіктің тек 6 миллионы ғана eQonaq жүйесіне тіркелген, қалғаны «бетегеден биік, жусаннан аласа болып» жүр. Бұл тек бюджетке түсетін қаржының жоғалуын ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікке төнетін қатерді де көрсетеді. Депутат сонымен қатар танымал туристік орындардағы инфрақұрылымның әлсіздігін атап өтті.
«Ең көп турист келетін Алматы мен Алматы облысында қадағалау деген мүлде жоқ. Дәретханалар, қоқыс жәшіктері, демалыс аймақтары мен интернет жоқ. Қонақүйлердің жұлдызды жүйесі мен гидтердің міндетті сертификаттауы да қарастырылмаған. Туризм — бұл елдің бет-бейнесі әрі экономикалық кіріс көзі», — деді Смолякова.
Депутат туристік аймақтарды инвесторлардың басқаруына беруді, биометрия мен Face ID енгізуді, туристерге арналған валюталық шектеулерді қайта қарауды және қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық бақылауды күшейтуді ұсынды. Ол дұрыс тәсіл қолданылса, туризмнің ЖІӨ-дегі үлесін 3-4 пайызға дейін арттыруға болатынына сенімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық