Сегізініші сынып оқушысын көше дәретханасында өлтірген: Сот үкімі
Фото: Orda.kz
Сегізініші сынып оқушысын көше дәретханасында өлтірді деген кәмелетке толмаған айыпталушылар кінәларын ішінара мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша айыпталған үш оқушыға қатысты қылмыстық істі қарады.
Еске сала кетейік, ауыл мектебінің оқушысы көше дәретханасында соққыға жығылғаннан кейін қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 сәуірде Байзақ ауданының Құмжота ауылында болған.
Сол күні сегізінші сынып оқушыларының физика сабағы тоқтатылып, дене шынықтыруға жіберілген. Сол сәтте жоғары сынып оқушылары кішілерді шақырып, көше дәретханасында төбелес ұйымдастырып, балаларды жұдырықтаған. Кеудесіне тиген соққылардан сегізінші сынып оқушысы Мирас сол жерде көз жұмды.
Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Екі кәмелетке толмағанға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал үшіншісіне 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы берілді.
Сондай-ақ сотталғандардың заңды өкілдері жәбірленуші тарапқа 11 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық