Щучинск-Астана тас жолында 40 көлік соқтығысты
Фото: видеодан кадр
Ақмола облысында 40-тан астам көлік соқтығысып, үлкен апат болды. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.
Оқиға туралы ақпаратты редакцияға оқырмандар жолдады. Куәгерлер мен жол апатына қатысушылар оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Видеода күре жолдағы қарлы боран айқын көрінеді.
«13:30 шамасында, Ақмола облысы Біржан сал ауданына қарасты Қоғам және Қаратал ауылдары аралығында ауа райының нашарлауына байланысты (қарлы боран, көру мүмкіндігі шектеулі) алдын ала мәліметтер бойынш 40 автокөлік соқтығысты. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ», деп хабарлады департамент өкілдері.
Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Автокөліктерді эвакуациялау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, осыған дейін төтенше жағдайлар қызметі аймақта ауа райының нашарлауы мүмкін екендігі туралы ескерту жасаған болатын. Сол себепті жүргізушілерге әсіресе қала сыртындағы трассаларда жол жүрмеуге кеңес берілген.
«Жүргізушілерді ауа райын ескере отырып, жолда аса сақ болуға және жағдай жақсарғанша бұл бағытқа сапарға шықпауға шақырамыз», деп мәлімдеді департамент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық