Scat-тың Тараз – Екатеринбург рейсінің жолаушылары әуежайда қалып қойды
Фото: Бейнеден кадр
Scat әуе компаниясының Тараз – Екатеринбург рейсінің жолаушылары кеше кештен бері ұша алмай отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алғашында жолаушыларға ұшақтың ұша алмауы ауа райы салдарынан деп мәлімдеген. Кейінірек борттық компьютердің істен шыққаны айтылған.
Жолаушылардың айтуынша, рейс кеше сағат 17:30-да ұшуы тиіс болған. Кейін ұшу уақыты 22:00-ге ауыстырылған. Сол уақытқа дейін мамандар электрониканы жөндеуге тырысқан, алайда нәтиже болмаған. Осыған байланысты қажетті қосалқы бөлшектер Алматыдан алдыртылған. Жолаушыларға күту керек екені айтылған. Алайда қанша уақыт екені белгісіз.
Әуе компаниясы жолаушыларға тек тамақ қана ұсынған. Сондықтан Таразда тұрып қалған жолаушылар түнді тікелей әуежайда өткізуге мәжбүр болған.
Сонымен қатар, Scat әуе компаниясы тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған. Компанияның баспасөз қызметімен байланысу да мүмкін болмаған.
Айта кетейік, Шымкентте жолға таласып кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық