Сбербанкпен жасаған келісімі үшін Маминнің үстінен арыз түсті
Азаматтық белсенді Санавар Закирова премьер-министр Асқар Маминді сотқа берді. Әйел ҚР үкіметінің басшысы Герман Грефпен қауіпті меморандумға қол қойды деген ойда. Келісім бойынша ресейлік Сбербанк Қазақстан үшін мемлекеттік қызметтердің жаңа платформасын құрады.
Orda.kz редакциясы белсендінің нені көздеп отырғанын білу үшін байланысқа шықты.
Еске салсақ, 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумы аясында Премьер-министр Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының жетекшісі Герман Греф Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің технологиялық архитектурасы бойынша стандарттарды әзірлеу мен бақылау енді ресейлік Сбербанкке берілді.
Закированың айтуынша, бұл мәміле ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Қазақстандық белсенді әлеуметтік желілердің көптеген қолданушылары бұл келісімге белсенді түрде қарсылық білдіргенін, бірақ ешкім талқылаудан әріге бармағанын атап өтті. Сондықтан ол «заң саласында үкіметке бұлай істеуге болмайтынын айтуға шешім қабылдады».
- Менің ойымша, барлық мемлекеттік қызметтер басқа мемлекеттің қолында болады. Мен бағдарламашы емеспін, бірақ 2016 жылы Deal мобильді қосымшасын жасадым. Содан кейін мен бағдарламашыларға жүгіндім, техникалық бағдарламалар қалай жазылады және тұтынушыларға бастапқы кодтар қалай берілетінін білем, - дейді Закирова.
Белсенді бірыңғай платформаны құру қауіпті деп санайды, себебі «барлық жұмыртқаны бір қорапта сақтай алмаймыз». Егер бір бағдарлама үзілсе, онда барлық 400 байланысты бағдарлама істен шығады.
Жеке деректердің сақталуы
Закирова қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің сақталуына да алаңдаулы.
- Бұл электронды кілттері бар әрбір қазақстандықтың жеке деректері. СБЕР компаниясы бес жыл бойы платформаны дамытып, техникалық қолдау көрсетеді. Егер қателер, артта қалулар болса, олар оны түзетеді. Біз платформаны бес жыл бойы қолданамыз, барлық деректерді, мүлікті, сот процестерін тіркейміз. Тиісінше, оларға («Сбербанкке») порталдағы әрбір үтір қол жетімді болады. Олар кез келген адам туралы толық ақпарат алады.
Закирова мәліметтерді үшінші жаққа беру қауіпті деп санайды, себебі «Греф тек өз атынан сөйлей алады, бірақ барлық әзірлеушілерге кепілдік бере алмайды». Ол сондай-ақ Сбердің 51% акциялары Ресей Федерациясына тиесілі екенін айтады, «Ресей біздің электронды үкіметке ие болады».
- Олардың (әзірлеушілер) деректерді сатпайтынына кепілдік қайда? Ақпаратқа қол жеткізуге ары кетсе 5 минут кетеді. Греф беретін кепілдіктер бір тиынға да тұрмайды, - деді Санавар Закирова.

Сондай-ақ, ол үкімет мемлекеттік қызметтер порталын құру тәжірибесі бар қазақстандық компанияны серіктес ретінде таңдауы керек деген ойда. Белсенді отандық әзірлеушілерге тапсырысты орындау ұсынылғанын және тендер туралы білгісі келеді.
Закированың айтуынша, алдымен мамандарды біздің елден іздеу керек. Содан кейін «конкурстық негізде шетелдік компанияны таңдау» қажет.
Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық соты арызды тіркеді.
Белсенді бірінші сатыдағы сот оның пайдасына шешім шығаратынына күмән келтіреді, бірақ апелляция кезінде өз ойымен бөлісуге дәмелі. Оның ойынша, бұл келісімшартқа қол қоюды қиындатады.
Авторы: Диана Матвеева
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық