Саяси партиялар өкілдерінің пікірсайысы өтті
Сурет ашық дереккөзден
Кеше кешкісін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдері арасында пікірталас болды.
Пікірсайысты КТК телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Пікірсайысқа «Аманат» партиясының мүшесі Айдос Сарым, «Ақ жол» ҚДП Ұлттық кеңесінің мүшесі Дания Еспаева, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Айнұр Сәбитова, «Республика» партиясының тең төрайымы Динара Шүкіжанова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов қатысты.
Олар бір-біріне сұрақ қойып, өз партиялары атынан халыққа үндеу тастап, сайлауға шақырды.
Пікірталас соңынан баға берген сарапшылар саяси шоудың элементтері болғанымен, бұрынғыға қарағанда партия мүшелерінің сөйлеу мәнері мен бағдарламаларында оң бастама бар деп атап өтті.
Бұған дейін Qazaqstan ұлттық телеарнасының эфирінде жеті саяси партия өкілдерінің пікірсайысы өткен болатын.
Еске салайық, 19 наурызда елімізде Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық