Сәукеле киіп, би билеген бойжеткен жұрттың ашуына тиді
Фото: бейнеден кадр
Сәукеле киіп, пилонда би билеген бойжеткен жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде ұлттық киім киіп пилонда билеп, бейнежазба түсірген қыз желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Бейнежазбаны Instagram парақшасында блогер Рустем Баязиев жариялады. Ол Мәдениет министрлігіне жүгініп, мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Блогер бұны «ұлттық рәміздерді қорлау» деп атады.
«Мынау не? Қазақтың ұлттық киімімен билеген стриптиз ба? Мына биді қалай айтады? Ұлттық құндылығымызды қорлағаны үшін қылмыстық іс ашу керек» деп жазды Баязиев.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары осы көрініске әртүрлі пікір айтты. Біреуі биді қазақтың ұлттық киіміне деген құрметсіздік пен қорлау деп бағаласа, басқасы күрделі спорт түрі деп атады.
«Масқара не мынау? Ұлттық құндылығымызды аяққа таптап болды-ау. Заң бойынша шара қолдану қажет. Ашықтан-ашық қорлау емес пе?» деп жазды желі қолданушысы.


Бойжеткенді жақтап, өнеріне тамсанғандар да аз емес.
«Оқы, көзіңді аш, біреуді айыптамас бұрын ізден. Пилондық спорт (ағылш. pole sport) - арнайы снарядтарда-тігінен орнатылған болат тіректерде көрсетілетін гимнастика, акробатика, хореография және актерлік элементтерді біріктіретін күрделі спорттық қызмет түрі» деп жазды бір желі қолданушысы



Еске сала кетсек, бұған дейін қазақтың ұлттық киімін киген блогерге «Хан шатырға» кіруге тыйым салған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық