Сауда министрлігі Бақыт Сұлтановтың ұшуларына кеткен миллиондарды түсіндірді
Сурет: gov.kz
Министрлік Сұлтановтың іссапарларының көбін эконом-класспен ұшатынына сендірді. Шенеунік бизнес-класқа арзанырақ билеттер болмағанда, әрі шұғыл жағдайда ғана отырады.
Ақпан айындағы Алматы мен Алматы облысына іссапарға келетін болсақ, министрлік оның тұтас делегация екенін атап өтті.
«Осы нақты жағдайға келсек, мәселелерді сол жерде шешу үшін бірқатар мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын делегацияның баруы қажет болды. Осыған байланысты арнайы борт пайдаланылды («Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» ШЖҚ РМК-ның нақты рейсі). Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматыға жұмыс сапары Қырғыз Республикасының үкіметімен халықаралық келіссөздер, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы делегацияларымен жүргізілген үшжақты келіссөздерге байланысты болды» делінген хабарламада.
Сапар барысында шенеуніктер Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу бекеттерінде, «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да болды.
«Шұғыл мәселелерді шешуге екі күн ғана берілген. Осыған орай, тиімділік үшін осындай жағдайларға арналған арнайы ұшақ пайдаланылды. Жалпы, жыл басынан бері Бақыт Сұлтанов 15-ке жуық іссапарға барған. Олардың басым бөлігі шетелдік, соның ішінде мемлекет басшысының сапары кезінде» деп толықтырды Сауда министрлігі.
Әлеуметтік желілерде ақпан айында Бақыт Сұлтановтың Алматыға екі күндік іссапарына 9,6 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланған соң, халық арасындағы туындаған сұрақтарға министрлік өз жауабын берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық