Сауд Арабиясының «Ұйқыдағы ханзадасы» 20 жыл комада жатып қайтыс болды
Фото: әлеуметтік желіден
Сауд Арабиясының ханзадасы Аль-Валид бин Халид Әл Сауд ауыр жол апатынан кейін 20 жылдан астам уақыт комада жатып, 36 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 20 жыл бойы Эр-Рияд қаласындағы ауруханада өмірді қолдау аппараттына қосулы жатқан. Дәрігерлер ханзада отбасына өмірін қолдауды тоқтатуға кеңес берген, өйткені айығып кетуге ешқандай мүмкіндік болмаған, алайда оның әкесі, ханзада Халед бин Талал, аппаратты өшіруден бас тартып, ұлының сауығып кететінінен үмітін үзбеген.
Ханзаданың қайтыс болғаны туралы әкесі әлеуметтік желіде хабарлады:
«Алланың жазмышы мен тағдырына сенген жүрекпен, терең қайғы мен мұң үстінде біз сүйікті ұлымыз — ханзада Аль-Валид бин Халид бин Талал бин Абдель Азиз Әл Саудты жоқтап отырмыз. Ол бүгін дүниеден озды. Алла рақымына алсын» деп жазды ол X (бұрынғы Twitter) желісінде.
Трагедия 2005 жылы, ханзада небәрі 15 жаста болған кезде болған. Ол сол уақытта әскери колледжде оқып жүрген және жол апатынан ауыр бас-ми жарақатын алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық