Сауд Арабиясында қазақстандық пауэрлифтингтен Азия жүлдегері ұсталды
Фото: \"За нами уже выехали\" telegram-арнасы
Сауд Арабиясының Медина қаласында Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері 19 жастағы қазақстандық пауэрлифтинг шебері Сергей Веселов ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкесі Евгений Веселовтың айтуынша, Сергей 19 маусымда Астанадан Ыстамбұлға демалысқа кеткен. Алғашқы күндері жақындарымен байланысып тұрған, алайда бір аптадан соң хабарсыз қалған.
«Қазір оның тірі екенін білеміз. Мединада тергеу изоляторында отыр. Алайда нақты қай бөлімде екені де, не үшін ұсталғаны да әзірге айтылған жоқ. Консул «уақыт керек» деп отыр», — деді спортшының әкесі.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растады.
«Азаматымыз Сауд Арабиясы құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған. Қазіргі таңда Мединада. Әзірге ресми айып тағылған жоқ. Жағдайды анықтап жатырмыз», — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Сергейдің отбасы қазір адвокат пен аудармашы жалдауға мүмкіндік іздеп, қазақстандықтардан көмек сұрайды.
Сергей Веселов — Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық