Сауд Арабия сахарасын қар басып, жұрты сасып жатыр
Елдің бірнеше өңірлерінде - солтүстік-батыста және елдің орталығында, оның ішінде таулы аймақ пен тіпті шөлді жерлерге де қар жауды. Араб түбегі үшін мұндай құбылыс өте сирек кездесетін жайт, деп хабарлайды Orda.kz.
Температура нөлден төмен түсіп, жолдар өмірі болмаған көктайғақ мәселесімен бетпе-бет келді.
Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде видео жариялады: біреулер «қысқы ертегіге» қуанады, ал кейбірі аяқ астынан тап болған суық пен тайғақ жолдарға шағымданады.
Эр-Риядта ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Синоптиктердің болжамынша, Сауд Арабиясында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бейнеге қарасаң, тіпті шөлейтке үйренген түйелердің өзі қар үстінде жүруден қорқып тұрғандай.
Ал біздің елде жұртшылық әлеуметтік желілерде қар басқан көшелер мен аулалардың суреттері мен бейнелерін қуана бөліседі. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматыда да ауа райы бұзылады. Метеорологтар қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр.
Шөл дала демекші су тапшылығы алдағы уақытта тек араб елдерінің ғана мәселесі болып қалмайды. «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті су саласындағы автоматтандыру мен цифрландырудың жапондық тәжірибесі біз үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық