Сәтжан Әблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: gov.kz
Пара алды деген күдікке ілінген Сәтжан Әблалиев қызметінен босады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады. 2 тамыз күні Әблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған нұсқаларда, Әблалиевтің пара алу фактісімен ұсталғаны айтылды.
Атап айтқанда, 78 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара және заңсыз мүдделерді қорғаумен айналысқаны туралы болжамдар бар.
Сәтжан Әйтенұлы 2023 жылғы 6 қазаннан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан көлік вице-министрі қызметін атқарды. Ол бұл қызметінің алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
Сәтжан Әблалиев 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Биікжал ауылында дүниеге келген. Ол Алматы автомобиль-жол институтының «Инженер-құрылысшы» мамандығы және Қазақ қатынас жолдары университетін «Инженер-экономист» мамандығын бойынша тәмәмдаған.
Айта кетейік, Баганашылдағы балалар үйіндегі жанжалдан кейін Алматы облысында екі шенеунік қызметінен кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық