Сатыбалды «Қазақтелекоммен» медиативті келісім жасай алмайды – Абзал Құспан
Адвокат Абзал Құспан «Қазақтелеком» мен Қайрат Сатыбалының медиациялық жолмен келісімге келе алмайтынан, оның заңсыз екенін айтты.
Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау - ауыр санаттағы қылмысқа жатады, деп түсіндірді адвокат.
– Жәбірленуші тараптың бірі - «Қазақтелеком» АҚ-ы 12,7 млрд теңге шығын қайтарылғаны себепті, медиативтік келісім жасау туралы өтініш берген. Сот прокурордың пікірін сұраған, ол уақыт сұраған, соған байланысты үзіліс жарияланған.
Түк түсінсем бұйырмасын?!Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау, яғни ҚР ҚК-ның 189 бабы, 4 бөлігімен тағылған. Ол ауыр санаттағы істер қатарына жатады. Ал медиативті келісім тек қана онша ауыр емес және орташа санаттағы істер бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл 2+2=4 сияқты, қарапайым нәрсе. Қазақтелекомды түсінуге болар, бірақ Астаналық судья мен прокурорға не жорық? Сонда олар қарапайым процестік заң нормаларын білмей ме? - дейді адвокат.
Медиативтік келісім - медиация рәсімін дауға немесе дауларға қолдану нәтижесінде тараптар қол жеткізген келісім. Медиацияның басты міндеті - сот инстанцияларына жүгінбей, жанжалды тез әрі тиімді реттеу.
20 қыркүйекте Астананда Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалды мен оның төрт сыбайласына қатысты екі қылмыстық іс қаралды. Іс жеделдетілген режимде өтіп жатыр, өйткені барлық бес айыпталушы да кінәсін мойындап, өкініп, келтірілген залалды өтеген.
Тыңдау барысында «жеңілдіктер» деп белгіленген бірінші эпизод бойынша Сатыбалды, Қоңырбаев, Муравьев және «Қазақтелеком» АҚ тараптары арасында медиативтік келісім жасалғаны белгілі болды. Үш айыпталушы 12 миллиард теңге көлемінде өтемақы төледі.
Екінші эпизод бойынша – Сатыбалды, Бекетов және Мұхамеджанұлы күдікті ретінде көрсетіледі. «Көліктік сервис орталығы» АҚ компаниясына келтірілген шығын көлемі шамамен 28 миллиард теңгені құрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық