Сатқындық және қарулы көтеріліс: Путин халқына үндеу жолдады
Владимир Путин үндеуінің скриншоты
Ресей президенті қылмыстық әрекеттерді тоқтатуға шақырып, қарулы көтерілісті 1917 жылғы азамат соғысымен салыстырды.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 24 маусым күні Астана уақытымен сағат 13:00-де қарулы көтеріліске қатысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Путин Ресей азаматтарына, қарулы күштердің жеке құрамы мен «қылмыстық арандатушылыққа алданып қалғандарға» үндеу жасады. Аййта кетерлігі ол өз сөзінде Вагнер тобының басшысы Евгений Пригожинді бірде-бір рет атаған жоқ.
«Әскери көтеріліс ұйымдастырып, дайындаған, қаруластарына қарсы қару көтергендер Ресейге опасыздық жасады және бұл үшін жауап береді. Ал мен осы қылмысқа тартылып жатқандарды бұл өлімге әкелетін, қайғылы, қайталанбас қателік жасамауға шақырамын. Жалғыз дұрыс таңдау - қылмыстық әрекеттерге қатысуды тоқтату», - деді Путин.
Ол Батыстың бүкіл әскери машинасы Ресейге қарсы бағытталғанын мәлімдеді.
«Біз егемендік, тәуелсіздік құқығы үшін күресіп жатырмыз. Бұл шайқас барлық күштердің бірлігін талап етеді. Бізді әлсірететіннің бәрін шетке ығыстыру керек. Кез келген жанжал. Бұл – еліміз бен халқымыздың арқасынақадалған пышақ», - деді Путин.
Сөз барысында ол бұл қарулы көтерілісті 1917 жылғы азамат соғысымен салыстырды.
Еске салайық, Вагнер тобының басшысы Евгений Пригожин 24 маусымға қараған түні Ресей қорғаныс министрлігін жалдамалылардың позицияларына соққы берді деп айыптаған бірнеше аудио хабарлама жариялаған. Ол «біз 25 мыңбыз, елде неліктен хаос болып жатқанын анықтаймыз» деді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық