Сатпаевта бес жасар қызды зорлағаны үшін сотталған педофилдер аппеляция берді
Сатпаев қаласында бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылар апелляциялық шағым түсірді. Сот тыңдауы Қарағанды облыстық сотында өтіп жатыр.
Бұл туралы Orda.kz Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сот жабық процесті қарау сатысында ешқандай ақпарат айта алмайды» деді соттың баспасөз қызметі.
Сот жабық режимде өтеді. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, процесс қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат жарияланады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың 23 шілдесінде болған. Алқабилер соты дауыс беру нәтижелері бойынша ерлі-зайыптыларды ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы (нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері), 120-бабы (зорлау) және 106-бабы (ауыр дене жарақатын салу) бойынша кінәлі деп таныды.
Ер адам қылмысты мас күйінде жасаған. Сотталушы мерзімнің алғашқы бес жылын төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылды.
Оның жұбайына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығына өмір бойына тыйым салынып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үшінші күдікті тергеу барысында өз-өзіне қол жұмсады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық