Сатиралық Qaznews24 агенттігі өз қызметін тоқтатты
Фото: Instagram/ Qaznews24
Сатиралық жазбаларымен танылған Qaznews24 парақшасы жабылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы парақша әкімшілері мәлімдеді.
«Құзырлы органдардың редакция мүшелерінің туыстарына қысым жасап, жаңа тергеу жұмысын бастауына байланысты біз агенттікті жабу туралы шешім қабылдадық. Мұндай жағдайда біз жұмысты жалғастыра алмаймыз», — деді олар.
Qaznews24 ешқандай шетелдік грант алмағанын, тек жарнама мен оқырмандардың донаттары есебінен жұмыс істегенін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Qaznews24 негізін қалаушы Темірлан Еңсебек сатиралық жазбаларға байланысты істі болды. 11 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында инстаграмдағы Qaznews24 сатира парақшасының бұрынғы авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Журналист бес жылға бас бостандығынан шектелді. Оған ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылып, экстремист деп танылды.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды