Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі сотталды
Фото: Ашық дереккөзден
Аса ірі мөлшерде пара алды деген айыппен Сәтбаев қаласының экс-әкімі Шапағат Әубәкірге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Тергеу нәтижесінде Сәтбаев қаласының экс-әкімі Шапағат Әубәкір әкім болып тұрған шағында Сәтбаев қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмысын жүргізетін жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оны кеңейтуге жәрдемі үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Ал сотталушылар кінәсін мойындады.
Прокурор соттан айыпталушыларға мемлекеттік қызмет істеуді өмір бойына шектей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінгені және жас балалардың болуын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп танылды. Экс-әкімнің қабылдаған антын бұзуы оның жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай деп танылды. Сот үкімімен ол ҚК 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. М. ҚР ҚК 367 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы — 200 млн теңге айыппұл тағайындалды» делінген қалалық сот ақпаратында.
Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді