«Сатқындық!»: Ресей халқы соғысты тоқтатуға қарсы шығып, ашуға бой алдырды
Ресей қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Киев және Чернигов бағытында «соғыс қимылдарын күрт қысқарту» туралы шешім қабылдағанын жариялағаннан кейін ресейліктер қатты ашуланды.
Украинамен келіссөздерде Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский бұл сынды пікірлерден тартынып қалды.
Атап айтқанда, ол «әскерлерді шығару атысты тоқтату емес» деп мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.
– Бірінші қадам екі негізгі бағытта – Киев пен Черниговте бірте-бірте әскери деэскалацияға қатысты. Біз Киевте шешім қабылдауды қажет ететін адамдар бар екенін түсінеміз. Сондықтан біз бұл қаланы қосымша тәуекелге ұшыратқымыз келмейді. [… ] Бұл атысты тоқтату емес, бірақ бұл біздің жанжалдың бірте-бірте деэскалациясына, кем дегенде, осы бағытта жетуге деген ұмтылысымыз, – деді Мединский.
Өздеріңіз білетіндей, сейсенбі, 29 наурызда Ресей Киев және Чернигов облыстарындағы әскери белсенділікті күрт қысқарту туралы шешім қабылдады.
Осыдан кейін ресейліктер бұл «сатқындық», «ұят» деп ұрандата бастады.








Еске салайық, Украина Қарулы күштері Ресей әскері мен олардың техникасын жоюды жалғастырып жатыр. 29 наурызда таңертең Ресей әскерінен 17 мыңнан астам адам қаза тауып, 600-ге жуық танкісінен айрылғанын мәлімдеген.
Ресей әскері Киев және Чернигов облыстары аумағынан біраз бөлімшелерді шығарды.
Украина мен Ресей арасынағы соғыс
2022 жылдың ақпан айының соңында, Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскеріне ядролық қаруы бар тежеу күштерін арнайы дайындық режиміне көшіруді бұйырды. Кремль басшысы өз шешімін НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының Ресейге қарсы «агрессивті мәлімдемелерімен» түсіндірді.
АҚШ Путиннің шешімін айыптады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті «бұдан әрі агрессияны ақтау үшін жоқ қауіптерді тудырады» деп мәлімдеді. Пентагонның пайымдауынша, егер Украина Ресей басқыншылығынан сәтті қорғанбаса, Путин Батысты ядролық қарумен қорқыта береді.
23 наурызда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ядролық қаруды қолданамын деп қорқытуын «қауіпті және жауапсыз» деп атады.
– Ресей өзінің ядролық қаруын бұлдауын тоқтатуы керек. Бұл қауіпті және жауапсыз. НАТО барлық одақтастарын қорғау үшін Ресейге ядро лық соғысты жеңуге болмайтыны мен ешқашан жүргізілмеуі керектігі туралы өте айқын хабарлама жібереді, – деді Столтенберг.
Қытай сабырға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин барлық тараптар сабыр сақтап, одан әрі шиеленісуден аулақ болуы керек екенін айтты.
Украина сыртқы істер министрлігі бұл Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші раунды басталар алдында украин делегациясына қысым көрсетудің бір түрі болды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық