Сарыөзек гарнизонының майоры — Асанов есірткімен ұсталды
Фото: ҚР премьер-министр баспасөз қызметі
Сарыөзек әскери гарнизоны дивизионының командирі, майор Самат Асанов үлкен жанжалға ілікті. 10 қарашада Асанов Екатеринбург-Алматы трассасының бойында Geely Coolray көлігін жүргізіп келе жатып, жол ережесін бұзғаны - нөмірсіз жүргені үшін ұсталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның көлігін Приозерскіге, Қарағанды облысындағы айып тұрағына жеткізу барысында полиция 12 келі болатын ақ ұнтақ зат салынған 18 вакум қабын тапты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі бойынша – есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға шығару ісі – бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Orda.kz редакциясы Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми түсініктеме алу үшін сауал жіберді.
«10 қараша күні «Балқаш-Сарышаған» автожолында патрульдік полиция батальоны патрульдеу жұмысы барысында 31 жастағы азамат басқарып келе жатқан «Geely Coolray» автокөлігі тоқтатылды. Тоқтатуға себеп – көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің болмауы түріндегі жол қозғалысы ережесін бұзу. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан жалпы салмағы шамамен 12 келі болатын ақ түсті ұнтақ зат салынған 18 пакет табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған заттың бар екені расталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі таралуының алдын алу мақсатында есірткі қылмыстарына қарсы күрес жұмысын күшейте береді», деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық