Сарыағаштағы бес жасар қыздың өлімі: ауыл тұрғындары наразылыққа шықты
Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өліміне қатысты әділ тергеуді талап еткен бір топ адам наразылық шеруін ұйымдастырды.
Азаттық мәліметінше, бір топ әйел «Педофилдерге өлім!», «Әділ сот болсын!» деген жазуы бар плакат ұстап, қазақ-өзбек шекара бекетіне апаратын күре жолды жауып тастаған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ келді.
Наразы жұрт қыздың өліміне байланысты тағы бір күдікті шақырылып, кейін босатылғанын айтады. Олар күдіктіні сот-медициналық сараптаманың қорытындысынсыз жібермеу туралы талап қойып отыр.
Айта кетейік, қайғылы оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болды. Жоғалып кеткен 5 жасар қыздың мәйіті көршісінің үйінен табылған. Кәмелет жасына толмаған қызды зорлап, кейін оны өлтірген күдікті бұған дейін де сотты болған.
Жоғары сот бұл іске қатысты тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Түркістан облысындағы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық