Сарыағашта журналист Амангелді Батырбековтің ұлы оққа ұшты
Суретте Амангелді Батырбеков. Фото: Facebook
Сарыағашта 3 қаңтар кешке белгілі журналист Амангелді Батырбековтің отбасына шабуыл жасалып, ұлы оққа ұшқан.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Батырбековтің ұлы арқасы мен иығынан жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан.
Журналист шабуылды өзінің қызметімен байланыстырады - ол жергілікті билікке қатысты сыни көзқарасымен танымал «Сарыағаш инфо» газетін шығарады.
Батырбековтің айтуынша, қараша айында ол облыстық мәслихат депутаты, Шымкент қалалық прокуратурасының қызметкері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орынбасарын «не байланыстырады» деген мақала жарияланған. Журналист осыдан кейін оған біреулер хабарласып, бұл мақаланы жарияламауды ұсынғанын, ол бас тартқанын айтты.
Түркістан облысының шенеуніктер мен судьялары Амангелді Батырбековтің үстінен талай рет сотқа шағым түсірген, қазір оған қатысты бір қылмыстық іс тергелуде. Бұған дейін ол жала жабу бабы бойынша екі рет нақты мерзімге бас бостандығынан айрылып, кейін екі рет босатылған. Осыған қарамастан Батырбеков журналистиканы тастамаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық