Сарбазды тапаншамен атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды
Фото:Марат Барақұловтыі отбасылық архивінен
Астанадағы әскери мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты мерзімді қызметтегі сарбаз Марат Барқұловты өлтірген офицер Дамир Досов 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот үкімімен Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі, яғни қасақана кісі өлтіру бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот Досовты гвардия лейтенанты әскери атағынан айырды.
Сондай-ақ, қаза тапқан сарбаздың анасы Әсия Барқұлованың азаматтық талабы да қаралды. Оған моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге өтемақы төленетін болды. Талап ішінара қанағаттандырылды, себебі Барқұлова 50 миллион теңге алуды сұраған болатын.
Еске сала кетейік, мерзімді қызметтегі сарбаз Марат Барқұлов 2024 жылдың 7 қыркүйегінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерімен өткен жиын кезінде оққа ұшқан. Оқиға Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында болды. Сотта куәгерлер лейтенанттың оларға тапаншамен қорқытып, бейәдеп сөздер айтқаны мәлім болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық