Сарапшы: Қазақстанда АЭС салу екі есе қымбатқа түсуі мүмкін
Фото: Elements.envato.com
Қазақстандық БАҚ-та еліміздегі алғашқы атом электр станциясын Қытай салады деген ақпарат тарады. Қытайдың ұсынысы ең тиімді баға ретінде көрсетіліп отыр. Алайда энергетика саласының сарапшысы бұл мәселе соншалықты қарапайым емес екенін айтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің Energy Monitor телеграм-арнасында көптеген БАҚ қазақстандық АЭС-ті «қытайлық жоба» ретінде нақты шешілген іс сияқты көрсетіп жатқанын атап өтті. Жазылып жатқандай, Қытайдың CNNC корпорациясы Қазақстанда екі реакторды 5,5 млрд долларға салып беруге дайын екен.
«Бірақ бұл ақпараттың алғашқы дереккөзі белгісіз. Ал көрсетілген баға былтыр айтылған, яғни бұл Қытайдың өз ішіндегі АЭС құны. Жобаның шетелде жүзеге асатынын ескерсек, бағасы екі есеге дейін өсуі мүмкін (логистика, несие пайызы, еңбек ақы қоры, жергілікті ресурстар және тағы басқалар)», – дейді Нұрлан Жұмағұлов.
CNNC компаниясының Қазақстанда АЭС салатыны туралы ақпарат көзі қытайлық Toutiao сайты болуы мүмкін. Ол Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу құқығы үшін Бейжің мен Мәскеу арасында «ертегідей бәсекелестік» болғанын, ал бұл жарыста Қытай жеңіске жеткенін жазған.
Алайда Нұрлан Жұмағұлов мұндай ауқымды жобаны бір ғана елдің күшімен жүзеге асыру мүмкін емес екенін еске салады. Президент Тоқаев бұған дейін АЭС құрылысына бірнеше шетелдік компания қатысатынын нақты мәлімдеген. Бұл жерде басты сұрақ – кім бас мердігер болады?
«Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Өзбекстандағы сияқты халықаралық консорциум салады: реакторға бір компания, турбинаға басқа, ал электроникаға батыстық өндіруші жауапты болады. Көпвекторлы тәсіл қолданылады. Болашақта батыс елдерінің бірі шағын модульді реактор салуға қатысуы мүмкін. Ресми нәтижені күтейік. Қазірше нақты шешімге аз уақыт қалды» деп қорытындылады сарапшы.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Жұмағұлов Ресейдің «Росатом» мүддесін қолдап, Қазақстанға қысым көрсетуге тырысып жатқанын да атап өткен болатын
Биылғы жылдың басында Қазақстан билігі ел аумағында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша Ресеймен «ортақ шешімге келу» мүмкіндігін талқылады.
2024 жылы Қытайдың CNNC корпорациясы Қазақстанға екі энергоблоктан тұратын атом электр станциясын 5,6 миллиард долларға салу туралы сенсациялық ұсыныс жасады.
2023 жылы Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін референдум арқылы шешпек болды.
Orda.kz ЖЭО-ның қарызға салынып, тариф арқылы халықтың мойнына ілінетіні нақтылана түскенін, бұған АЭС-тің қандай қатысы бары туралы зерттеу мақала жариялады.
Жаңалықтар
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды