Қытай Қазақстанға АЭС-ті арзанға салып бермек
Коллаж Orda.kz
Қытайдың CNNC корпорациясы Қазақстанға екі энергоблоктан тұратын атом электр станциясын 5,6 миллиард долларға салу туралы сенсациялық ұсыныс жасады. Бұл Түркияда «Росатом» жүзеге асырып жатқан ұқсас жобадан екі есе арзан.
Бұл туралы Kazinform хабарлады.
CNNC жобасы build-operate-transfer (BOT) схемасын пайдалана отырып, нысанды бес жылдан кейін тапсыруды көздейді. Қазақстандағы жобаның бастапқы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған, кейінірек бұл көрсеткіш 15 миллиард долларға дейін көтерілді. Ал Түркияда салынып жатқан «Ақкую» АЭС жобасы 24-25 миллиард долларға бағаланды.
CNNC-мен қатар, жоба құрылысы конкурсына корейлік KHNP компаниясы, ресейлік «Росатом» және француздық EDF қатысып жатыр. АЭС құрылысын жүзеге асыру туралы шешім республикалық референдумда қабылданатын болады. Оның нақты мерзімі әлі белгіленген жоқ.
Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін өңір-өңірде талқыланып, ашық жиындар өтіп келді. Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері Алматыдағы дауға толы болған жиынға да, артынша Астанада өткен ашық жиынға да қатысып қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық