«Росатом» Қазақстанда АЭС салатынына сенімді
Фото: DALL-E жасанды интелекті
Қазақстан билігі ел аумағында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша Ресеймен «ортақ шешімге келу» мүмкіндігін талқылауда. Бұл туралы «Росатом» корпорациясының басшысы Алексей Лихачёв мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Лихачёв Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысын бірлесіп жүргізуі мүмкін екенін айтты. Мұндай қорытындыны ол 30 қаңтарда екі елдің премьер-министрлері — Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин арасындағы келіссөздер «контексінен» шығарған.
«Бүгін екі ел үкімет басшыларының кездесуінде өткен талқылаулардың контекстіне сүйене отырып, біз ортақ шешімдерге қарай бет алып келеміз деп қорытынды жасауға болады. Қазірдің өзінде өте белсенді жұмыс істеп, ынтымақтастық орнатып жатырмыз», – деді «Росатом» басшысы журналистерге.
Алексей Лихачёв Қазақстан билігінің АЭС құрылысы мәселесін «кәсіби түрде зерттеп жатқанын» атап өтті. Ол жақында қазақстандық делегацияның Ресейге барып, елдің атом энергетикасы жүйесімен танысқанын еске салды. Алайда, ол бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің дәл осындай сапарларды Оңтүстік Корея, Қытай және Францияға да жасағанын атап өтпеді.
Лихачёвтың пікірлеріне қарағанда, ол «Росатомның» Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын жүргізуі іс жүзінде шешілген мәселе деп санайды.
«Мұнда біз ерекше ықыласпен жұмыс істейміз», – деді Алексей Лихачёв.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы атом электр станциясын халықаралық консорциум салуы тиіс екенін айтқан. Оның құрамына Корея, Франция, Қытай және Ресей компаниялары кіруі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл елдер жобаға қатысу үшін қызу бәсекелесуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық