Сарандағы сатушы қыздың өлімі: тергеу аяқталды
Фото: Видеодан кадр
Саран қаласындағы сатушы қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Тергеу материалдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Тергеу барысында 50 жастағы күдікті дүкен сатушысына ақша үшін шабуыл жасағанын мойындап, кісі өлтіруді әуел бастан жоспарламағанын айтқан. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Тергеу процесі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болған.
Еске салайық, қайғылы оқиға қаңтар айында болған. Сол күні күдікті Қарағандыдан Саранға таксимен келген. Такси жүргізушісіне уақытша телефонын қалдырып, кейін оны қайтарып алу үшін дүкенді тонамақшы болған. Бірақ күдіктінің айтуынша, сатушыны өлтіру ниеті болмаған. Қарсылық көрсеткен қызды пышақтап кеткен. Кейін күдіктінің Қазақстан азаматы емес екені анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық