Сара Назарбаева балаларды тәрбиелеуге арналған халықаралық форумға қатысты

cover

"Бөбек" қорының негізін қалаушы балаларды тәрбиелеуге арналған халықаралық онлайн форумға қатысты.

"Сіздер - мұғалімсіздер, игі іс атқарып жатырсыздар. Өте жауапты қызмет. Өйткені балаларды дұрыс тәрбилеу керек. Балабақшада, мектепте тәрбиешілер мен мұғалімдер баланың жанында болады. Балаларды үнемі адами құндылықтарға баулу керек. Баршаға құрмет танытуға үйрету қажет", - деді Сара Назарбаева.

Шара дүниежүзілік балалар күніне арнап ұйымдастырылған. Қазір "Бөбек" қоры балалар үйінің 8 мыңға жуық тәрбиленушісіне қолдау көрсетуде. Қордың тәрбилеу әдістемесін елімізде оқу орындары пайдаланады.

Айта кетсек, Таиландтағы орталықта бүлдіршіндерді "Өзін-өзі танудың" қазақстандық әдістемесі бойынша оқытады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар