Санкт-Петербургте Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Санкт-Петербург прокуратурасы
Украина билігіне жұмыс істеді деген айыппен Қазақстан азаматы Артур Мартынов 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 28 жастағы Мартынов Украина арнайы қызметінің мүдделі сыбайласы бола отырып, ақшалай сыйақы үшін Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы байланыс нысандары мен энергетикалық инфрақұрылымға қатысты аса ауыр қылмыстар жасауға келіскен.
Мартынов келесі баптар бойынша кінәлі деп танылды:
- РФ ҚК-нің 30-бабы 3-бөлігі, 205-бабы 1-бөлігі (террористік акт жасауға оқталу);
- 205.1-бабы 3-бөлігі (террористік қызметке жәрдемдесу);
- 205.3-бабы (террористік қызметті жүзеге асыру мақсатында оқудан өту);
- 276-бабы (тыңшылық);
- 281-бабы 1-бөлігі (диверсия);
- 281-бабы 2-бөлігі «б» тармағы (айтарлықтай мүліктік зиян келтірген диверсия);
- 281.2-бабы (диверсиялық қызметті жүзеге асыру мақсатында оқудан өту).
Тергеу мәліметінше, сотталушы арнайы оқудан өтіп, жұмыс бабы деген сылтаумен Ресейге келген.
2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында ол Санкт-Петербург пен Ленинград облысында байланыс мұнараларын, электр жабдықтарын өртеп, трансформаторды өртеуге әрекет жасаған. Сонымен қатар, Санкт-Петербургтегі мұнай өңдеу кешенінің координаттарын шетелдік барлауға берген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық