Санкт-Петерборда суға батып кеткен автобустан адамдарды құтқаруға атсалысқан қазақстандық азамат марапатталды
Фото: Orda
Ерхан Аханов Санкт-Петербор губернаторының қолынан сыйлық пен қаланың таңбасы бейнеленген естелік сағат алды.
10 мамырда болған апат кезінде жерлесіміз Ерхан Аханов арнайы қызмет келгенге дейін Мойка өзенінен автобус жолаушыларын құтқаруға қатысқан. Оқиғаға атсалысқан 15 адам марапатталды.
«Ерлік пен батырлықта ұлт жоқ» деген сөздер бар. Барлығымыз тату болуымыз керек, әрқашан көмек қолын созып, айналып өтпеуіміз керек»,- деді Ерхан Аханов қала мэрімен кездесуінде.
Қала басшысы Беглов батырларға қала тұрғындары атынан ерліктері үшін алғыс айтып, ата-аналарына берген тәрбиесіне ризашылығын білдірді.
Еске салайық, қазір Санкт-Петерборда тұратын жерлесіміз 26 жастағы Ерхан Аханов суға батып бара жатқан автобустан адамдарды құтқару кезінде жұртқа танылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық