Санкцияға ұшыраған ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылады
Батыс елдері ресейлік банктерді SWIFT халықаралық банктік төлем жүйесінен ажыратуға келісті. Бұл туралы Еурокомиссия мәлімдемесінде айтылған.
Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция, сондай-ақ Еуропалық комиссия ресейлік банктерді халықаралық санкциялар салынған SWIFT жүйесінен ажырату туралы шешім қабылдады.
«Біз Ресейді халықаралық қаржы жүйесінен және біздің экономикамыздан одан әрі оқшаулайтын шығындарды салуды жалғастырамыз. Біз бұл шараларды жақын күндері жүзеге асыратын боламыз» делінген Еурокомиссияның мәлімдемесінде.
Сондай-ақ елдер Ресей Орталық банкінің халықаралық резервтерін санкциялардың әсерін әлсірететіндей пайдалануына жол бермейтін шектеу шараларын енгізуге келісті.
Бір күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский Еуропаның барлық елдері Ресейді халықаралық банктік төлемдердің SWIFT жүйесінен ажыратуға келіскенін мәлімдеді.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров егер Ресей SWIFT жүйесінен ажыратылса, Қазақстан «бұдан әрі жол таба алады» деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық