Санитарлық дәрігерлер Құрбан айтта мал союға қойылатын талаптарды айтты
Фото: Pixabay
Қарағанды облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік пен ішек инфекцияларының алдын алуға мүмкіндік беретін Құрбан айтқа қойылатын талаптарды атап өтті. Олар негізінен мал союға қатысты, деп хабарлады Ekaraganda.kz.
Облыс тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде Қарағанды облысының тұрғындары арасында тамақтан улану, жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында, 9 шілдеден 11 шілдеге дейін Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес жауапты мемлекеттік органдар мыналарды қамтамасыз етсін:
- ветеринарлық қызметтің ресми ветеринарлық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттерінде және учаскелерде (ветеринарлық қызмет бекіткен тізбе бойынша аудандардағы сою пункттерінде, учаскелерінде) малды союды және өткізуді ұйымдастыру;
- облыс бойынша мал сою пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейту;
- мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандық малдың етін) тасымалдау мен сақтаудың санитарлық-эпидемиологиялық қағидаларының талаптарын сақтау;
- тамақ өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін және қадағалануын растайтын құжаттардың міндетті болуы;
- қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персоналдың және тамақ өнімдерімен байланыста болған басқа адамдардың медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшаларының болуы.
Осындай талаптар Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданында Құрбан айт мерекесін өткізу кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы қаулыда да көрсетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық