Шымкент әкімінің ағасы, «Самырұқ Қазынаның» экс-директоры әйелін ұрып-соғып, мүлкінен айырды

cover Коллаж Orda.kz

Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Қазақстан Даму банкі төрағасының экс-орынбасары Марат Әйтеновтің өзін 9 жыл бойы ұрып-соғып, кейін әйелді үш баласымен тастап кетіп, мүлкінен де айырғанын айтып берді.

Әйел Instagram парақшасында Шымкент қаласының әкімінен ағасына ықпал етуді сұрайды.

Orda.kz тілшісімен сұхбатында Дана Әтешова 2012 жылы тұрмысқа шыққанын айтты. Ол күйеуімен 9 жыл бірге тұрып, үш баланы дүниеге әкелді. Бұл ерлі-зайыптылардың әрқайсысының екінші неке болған. Алғаш рет күйеуі үйлену тойынан бір-екі ай өткен соң қол көтерген Осыдан кейін ұрып-соғу жиі орын ала бастаған. Марат Әйәтеновті тіпті әйелінің жүктілігі де тоқтатпады.

— Ол мені жүкті кезімде де ұрды. Ұрған сайын күлетін, жұма сайын әйеліңді ұру керек дейді. Бірде жүре алмайтындай етіп ұрды. Мен сал болып қала жаздадым, — дейді Әтешова.

Әйелдің айтуынша, ол соңғы уақытқа дейін күйеуін сотқа бермей, «үйдегі шуды сыртқа шығармауға» тырысқан.

— Мен оның байлығын қаламаймын. Үйімді, көлігімді өзіме қалдыруды, сонымен қатар балаға уақтылы алимент төлеуді сұрадым. Маған артық қажет емес. Екеуміз шаңырақ көтерген кезде менің жеке кәсібім болды. «Хан-Шатыр» сауда орталығында аяқ киім бутигім болды. Менің пәтерім, жеке көлігім болды. Мен күйеуге шыққанда өз-өзімді қамтамасыз ете алатын жағдайда болдым. Үйді кеңейтеміз деп шешкенде, мен өз кәсібім мен пәтерімді саттым, үй алдық, — дейді әйел.

Әйелдің айтуынша, қазір оның шыдамы таусылған. Жолда болған оқиға төзімнің соңғы тамшысы болған: оны полиция тоқтатып, көліктен түсуін өтінген. Бұрынғы күйеуінің берген көлігі ұрланған. Жаңа құжаттарға сәйкес, көлік иесі Марат Әйтеновтің көмекшісі болып шыққан.

— Бірге өмір сүрген және ең ауыр соққыға жығылған тоғыз жыл бойы мен оған ешқашан опасыздық жасаған емеспін. Оған қарсы әрекет етуге тырыспадым. Мен бір жыл бойы шыдадым. Бәрін өзара шешеміз деп ойладым. Біз әлі отбасымыз. Біз ата-анамыз. Мен бәрін бейбіт жолмен шешкім келді, — дейді әйел.

Бірақ бұрынғы күйеуі басқаша шешім қабылдаған. Әйтенов әйелдің айтуынша, бірлесіп алған мүлкін сотта бөлмеу үшін ол өзінің барлық мүлкі мен жылжымайтын мүлкін достары мен туыстарына қайта рәсімдеген.

— Мен тіпті ажырасқанымызды білмедім. Ажырасқанымызға алты ай қалғанда, заңды түрде біз некеде болдық. Ол өзінің барлық айла-шарғысын жүзеге асырып, мені және балаларды түксіз қалдырды. Одан кейін демалыңдар деп бізді балалармен Түркияға жіберді. Бірақ біз сонда болған уақытта ол өзінің көңілдесіне  үйленіп, үйдегі құлыпты ауыстырып, бал айына ұшып кеткен, — дейді әйел.

Әтешова бұрынғы күйеуінің 120 000 теңге алимент төлейтінін дұрыс емес деп отыр. Бұл ақша үш баланы қамтамасыз етуге жетпейді. Ал ол болса «такси» қызметін атқарып, фортепианодан сабақ беруге мәжбүр болған.

Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелінің айтуынша, олардың ортақ үйі ғана емес, оның Нұр-Сұлтандағы қымбат пәтерлері, кірпіш және пластик зауыттары, шетелде офшорлық есепшоттары және дипломатиялық қалашықта жер телімдері бар.

Orda.kz тілшісі Марат Әйтеновке телефон соғып, оның отбасылық қиыншылықтары туралы түсініктеме аламыз деп үміттенді. Алайда оның телефоны «сөдірулі» болды.

Марат Әйтенов Шымкенттегі «Мирас» университетін бітірген, Бостон университеті мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу менеджмент және экономика университетінде банк ісі және қаржы құқығы мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2008 жылы Әйтенов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2011 жылы «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметтерін атқарды. 2016 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қоғаммен және үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры болды. 2022 жылдың наурызында Әйтенов қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, ол қазіргі Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтың туған ағасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар