Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?
Ұлттық қауіпсіздің қызметі төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ.
Бұл туралы nege.kz сайты хабарлайды.
Самат Әбішке қатысты қандай да бір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр ма? деген сұраққа ҰҚК-нің бөлімше бастығы С.Ахметқалиевтен жауап келді.
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінде С.Әбішке қатысты қылмыстық істер жоқ екенін хабарлаймыз. Оған қандай да бір іс жүргізу шараларын қолдану туралы ақпарат жоқ» деп жауап берді С.Ахметқалиев.
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Қайрат Сатыбалдының інісі. 2000 жылдан ҰҚК саласында қызмет атқарған. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды. ҰҚК-нің генерал-лейтенанты. 2022 жылы 17 қаңтарда қызметінен босатылды. Қызметтен босату себебі айтылмады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған. Оған қатысты сатқындық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен бұрынғы орынбасарлары – «Арыстан» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин да ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық