Бар кінәні Мәсімовке аударып, Самат Әбішті құтқарып қалды – депутат
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи 18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның 3 орынбасары туралы сөз қозғады.
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
«Қаңтарға байланысты Кәрім Мәсімовпен бірге оның бірінші орынбасары Самат Әбіш неге жауапқа тартылмады? Осы сұрақтың астарында барлық жауап тұр деп ойлаймын. Қаңтардың бар кінәсін Мәсімов пен оның үш орынбасарына аударып, Самат Әбішті құтқарып қалды. Оперативті қызметті сол жүргізуі керек. Кәрім Мәсімов орысша айтқанда «козёл отпущения» - құрбан болып бара жатыр. Әрине, оның Қаңтарға қатысы бар. Ол өзінің тікелей басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасының тапсырмасын орындады. Ол «Ескі Қазақстан» ырқында жүрді. Ол сотталуға, жауап беруге лайық тұлға. Бірақ кінәнің бәрін Мәсімовке жауып тастап, қалған кінәлілерді құтқарып қалу – арнайы жасалған амал. Қаңтар – ешқашан жабылып қалатын мәселе емес», – деді депутат.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің неге ұсталмағанын да айтты.
«Оған іздеу жарияланған жоқ. Бұл шындықты жабу емес, туысын құтқарып қалу. Бұл әділетсіздік барып тұрған. Егер ҰҚК-нің үлкен лауазымды тұлғалары жауапты болса, неге Самат Әбіш қалып қояды? Ол бірінші орынбасар. Ол ҰҚК-дегі оперативті барлық қызметке жауап беретін адам. Ұсталған үшеу-төртеуін соттап жіберіп, Назарбаев өз інісін алып қалады. Осы әділетті ме? Халық көріп отыр оны», – деп түйіндеді Бәпи.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық