Самарқанда қазақстандықтарға электрошокер қолданған полицейлер жұмыстан шығарылды
Өзбекстанның ішкі істер органдары Самарқанда қазақстандық туристерді ұстау кезінде электрошокер пайдаланған екі қызметкерін жұмыстан шығарды.
Басылымның мәліметінше, Қазақстаннан келген туристерді ұстау кезінде күш қолданып, электрошокер пайдаланған екі тәртіп сақшысы жұмыстан қуылған.
Оларға қатысты прокуратура билігін асыра пайдаланды деген баппен қылмыстық іс қозғаған.
Еске сала кетейік, оқиға 21 мамыр күні Өзбекстанда түнгі уақытта болған еді. Самарқанның патруль қызметкерлері туристер тобын ұстаған, олардың қатарында қазақстандықтар да болған. Ұстау кезінде тәртіп сақшылары электрошокер қолданып, құжаттарының болғанына қарамастан қазақстандықтарды учаскеге күштеп апарған.
Кейінірек, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өзбекстандық әріптестеріне хат жолдаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық