«Самұрық-Қазына» қорының қызметкерлері елу пайызға қысқарады
«Самұрық-Қазына» қорының қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны айтылды. Қордың ресми сайтының мәліметіне сәйкес, «Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілген.
– Қор қызметкерлерінің саны екі есе, 248-ден 124-ке дейін, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33 пайыз) қысқарып, «кеңесші» қызметтері жойылды. Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен қадағалау, маркетинг және импорттың орнын басу ережелері алдын-ала бекітіліп, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, «Атамекен» ҰКП-ге қарастыруға жіберілді. Бір көзден сатып алуға негіз болатын себептер қысқарды. Бұл құжаттарды директорлар кеңесі қабылдағасын, қордың корпоратив орталығы сатып алу әдістемесін дайындау, сатып алуларды қадағалау және бақылау функцияларын атқарады, - делінген хабарламада.
Басқарма ҚР Үкіметіне жолданатын қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерзімдерін бекіткені де айтылды.
– Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 24 қаңтардағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры А.К.Сұлтановтың, Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Б.А.Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж.Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К.Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, еңбек қатынастары тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық