«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Сәтқалиев мәлімдеме жасады
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін жазба жариялап, реформалар туралы айтты.
– Бүгінде ел басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында «Самұрық-Қазына» қорының қоғамда қызу талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндігі бар. Біз сындарлы ұсыныстарды реформалау бағдарламасының жобасына енгізу үшін бөлісуге дайын әрбір адаммен диалог жүргіземіз. Негізгі қағидалар ретінде ашықтық пен есеп беру, бизнеске кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықпен күрес айқындалған, - деді Сәтқалиев.
Сәтқалиев жақын арада жоспарлар ашық дереккөздерде және корпоративтік сайтта жарияланатынын ашық айтты.
– Менің ойымша, ұлттық байлықты әділ бөлудің элементі ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін. Біз негізгі мәселелерді шешу үшін Қор компаниялары тобындағы бизнес-процестерді және корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергиясы және телекоммуникация нарықтарындағы қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараларды ұсынамыз. Бұл мәселелер 26 қаңтар, сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында бизнес қауымдастығымен талқыланады. Ұсыныстарыңызды [email protected] корпоративтік мекен-жайымызға жіберуге болады деп күтеміз, - деп жазды «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық