Самұрық-Қазына әлемнің төрт еліндегі шетелдік өкілдіктерін жабады
Фото: ашық дереккөзден
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры әлемнің төрт еліндегі шетелдік өкілдіктерін жауып жатыр.
Қордың қоғаммен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиев төрт қала - Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеу екенін нақтылады.
Еске салсақ, «Самұрық-Қазына» ҰҚК жаңа ұйымдық құрылымның штат санын 50 пайызға қысқартатынын хабарлаған болатын.
Бұған дейін қор басшысы «Самұрық-Қазынаны» реформалау жоспары ашық ақпарат көздері мен корпоративтік сайтта жарияланатынын хабарлады. Компания қазақстандықтардың сұрақтарына да жауап беруге уәде беріп отыр.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» басшысы қорды сақтап қалуға ниетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлермен кездесуінде «Самұрық-Қазына» қорын түбегейлі реформалау керектігін айтты.
«Мен қорды түбегейлі реформалау міндетін қойдым. Бұл жөнінде Сәтқалиевпен әңгімелестім. Ол реформалау міндетін атқара алмаса, қор жабылады, онымен бірге өзі де кетеді. Қорды реформалау жұмыстарында жеке компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде осында отырғандардың тәжірибесін пайдалану керек» деді президент кездесу барысында.
Сондай-ақ, Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына ерекше назар аудару керектігін де атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық