Салтанат Тұрсынбекова: сайлау, үгіт-насихат және әйел президент туралы
Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова журналистердің сұрақтарына жауап беріп, сайлау додасынан алған әсерімен бөлісті.
— Сайлау нәтижелерін күтудегі көңіл-күйім керемет. Біз халықпен белсенді жұмыс жүргіздік, бұл жұмыстың нәтижесіне көңілім толады, — деді Салтанат Тұрсынбекова.
«Уақытыңыз жеткілікті ме?» деген сұраққа ол дайынмын деп жауап берді.
— Менің ойымша, кандидатурасын ұсынған әрбір үміткер өзінің қаншалықты жоғары лауазымға үміткер екенін түсінді. Барлығы дайын болды деп ойлаймын. Мен дайын болдым! Науқанға бөлінген күндер жеке өзім үшін жеткілікті болды. Өйткені біз 12 облысты араласақ та, қалған сегізінде штабымыз белсенді жұмыс істеп тұрды, - деді Тұрсынбекова.
Сондай-ақ ол халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруда әлеуметтік желілер мен БАҚ-тың рөлі зор екенін атап өтіп, ғаламторда алған жауабына дән риза екенін жеткізді.
— Жасырмаймын, басында көпшілік: «Әйел президент бола ала ма?» деген сұрақ қойды. Бірақ сайлау кезеңінің соңына қарай бұл менталитеттің өзгеруіне белгілі бір дәрежеде көмектестім деп ойлаймын. Бәлкім, бұл нақты ақпараттың, халықты толғандыратын мәселелердің арқасында болған шығар. Барлық жерде құқықтарды қорғау және заңның үстемдігі өте маңызды. Өнеркәсіп болсын, ауыл шаруашылығы болсын, авторлық құқық болсын, зияткерлік меншікті қорғау болсын – барлық мәселені көтердік. Біз бүгін зорлық-зомбылық, қорлау, маскүнемдік, нашақорлық және құмар ойындарға қарсы тұру мәселелерін көтердік. Тұрғындар кері байланыс беруге белсенділік танытты. Бұл менің электоратымды көбейтуге көмектесті деп ойлаймын. Сайлау кезеңі мен белсенді жұмысымызға байланысты көп дауыс күтемін, - деп түйіндеді сөзін Тұрсынбекова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық