Салтанат құлап, басын соғып алды – Бишімбаев
Фото: сот трансляциясынан кадр
Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айылталған күдікті, ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысы сот отырысы жалғасып жатыр.
Экс-министр оқиға болған күні не болғанын айтып берді.
Оның айтуынша, екеуі әнші Дима Биланның концерті кезінде сөзге келіп, Bau мейрамханасына келген.
«VIP бөлмеге кірдік, ол қайтадан бастады... Тағы да сол әңгіме, сол тақырып. Үйге қайтайық дедім. Бірақ оның реніштері көп... Ол тағы бір жарым сағат жазғы оқиғалар туралы, біздің ажырасуымыз туралы айтты. Мен жарайды, сөйлей берсін деп отырдым. Ол айқайлай бастады. Онда жұмысшылар болды. Мен егер айқайлағың келсе, VIP-тегі дәретханаға барайық, әйтпесе залда адамдар бар дедім. Біз дәретхананың еденінде отырдық»,- деп жалғастырды Бишімбаев.
Оның айтуынша, Салтанат дәретханаға басын ұрып алған.
«Ол қайтадан сол тақырыпқа оралып: маған берген сыйлықтарыңыз үшін өкінесіз бе? Мен саған бәрін қайтарамын», - деп сырғасын, неке жүзігін, сағатын шешті. Менің сүйіспеншілікпен берген барлық символикалық сыйлықтарымның бәрін әжетханаға тастады. Мен таң қалдым, мен оның не істеп жатқанын көріп, үнсіз қалдым. Ол бәрін дәретханаға ағызды. Мен қатты эмоцияға берілдім. Мәселе тіпті құнында да емес, әрбір зат менің махаббатымның белгісі еді. Ішінде анамның сырғасы болды»,- деді экс-министр.
Бишімбаевтың айтуынша, осыдан кейін, бірдеңе алуға кетіп, барда қолына түскен бөтелкені алған.
«Ол дәретхана есігін іштен іліп алды, айқай, шу шығарып, қабырғаларды соғып, балағат сөздер айтты. Мен есікті қаға бастадым - «Салта, Салта, аш» деп . Ол естімейді. Мен есікті жұдырығыммен ұра бастадым. Ол менің есікті қағып жатқанымды естіп, маған ұрыса бастады. Менде де агрессия пайда бола бастады. Есік сынып қалады деген оймен есікті жәй соға бастадым. Мен динамик тұрған штативті ұстадым. Бұл бәрін ушықтырды. Мен есікті соға бастадым, содан кейін оның ішінде тесік пайда болды. Ол есікті ашты. Мен штативті лақтырып, ішке кірдім. Ол мені балағаттай бастады, мен де оған ұятсыз сөздер айттым. Екеуміз қатты ұрыса бастадық. Ол менің көйлегімді жыртты. Мен оның иығынан ұстап, итеріп жібердім, ол қабырғаға соғылды. Ол маған шабуыл жасағанда мен де оның көйлегін жыртып алдым.
Ол көйлегін шешіп, маған лақтырды. Мен өзімді ұстай алмай, оның бетінен бір-екі рет ұрдым. Ол: «Мен де шалбарыңды шешемін» деп тарта бастады. Мен оның белінен ұстадым, ол әжетханаға қарап тұрды. Ол мен оны ұстайды деп ойлады, бірақ мен жібергенмін. Ол әжетханаға қарай құлай бастады. Алдымен қабырғаға соғылды соққы өте жойқын болды. Сосын ол еденге құлап түсті.
Қарасам, ол дәретхананың қасында қимылсыз жатыр, шалбары тізесіне дейін түсіп кеткен. Мен аң-таң болып, қарадым. Ол жерде 15 минуттай көзі ашық жатты.
Сосын ол тұрды, мен дәретханада сағат бар екенін көрдім. Ол оны жуған кезде мен ішке қарасам, сағаттың жуылмағанын және неке жүзігінің сағат білезігіне жабысып қалғанын көрдім.
Мен оған: «Онда қалаған нәрсеңді ал» дедім. Ол түсінді. Қайтадан тұрып, бетін еденге соқты» деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық