Сайран түбін тазарту үшін Алматыда өзендер бөгелді
Алматыда соңғы елу жылда алғаш рет Сайран су қоймасының түбін лай мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Алматыда бірден үш қалалық көлді тазалау жалғасуда. Сайран, Қарасу және Әуежай көлі аумағы лай мен кірден тазартылған. Олардың түбін реттеу үшін Есентай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері бөгелді, деп хабарлайды Orda.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
«Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалау соңғы 50 жылда алғаш рет жүргізіп отыр. Арна мен жағалауды тазалауға төрт экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған. Жұмыс басталғалы 60 гектар аумақтан 140 мың текше метрден астам қоқыс пен лай шығарылды. Тазалық жұмыстары жақын арада аяқталады», - деді Алматы әкімдігі.
Сондай-ақ, Үлкен Алматы өзенінің арналары мен іргелес аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстары бірінші тұнбадан Абай даңғылына дейін, Есентай өзенінің жекелеген учаскелері мен Кіші Алматы өзенінің Әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде жүргізілуде.

Механикалық тазалаудың негізгі мақсаты – биологиялық процестерді сақтауға және су нысандарының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге жағдай жасау.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық