Сайлауда ЕҚЫҰ-ның 300-ге жуық бақылаушысы жұмыс істейді
ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі журналистерге жұмысы туралы айтып берді.
ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек бүгін ол әріптестерімен жұмысты таңертең ерте бастағанын және сайлау учаскелері жабылған соң да жалғастыратынын айтты.
— Бұл біз бүгін жұмыс істеп жатқан бірінші учаске. Бірақ соған қарамастан, сағат 06:30-дан бастап 300-ге жуық бақылаушыларымыз өз жұмысын бастады. Бұл тек Астанада ғана емес, Алматыда, Шығыс Қазақстан облысында және Қазақстанның басқа аймақтарында да бар, - деп нақтылады Гацек.
Оның айтуынша, жұмыс барысында олар электронды қаламмен толтыратын арнайы бланкі пайдаланады. Ол, әдетте, әрбір сайлау бақылаушысы осындай жүздеген үлгілерді толтыратынын айтты.
— Бірақ сайлау учаскелері жабылғаннан кейін де жұмысымыз бітпейді. Әріптестеріміз бақылау үшін сонда қалады. Дауыстар саналған соң да жұмысымыз аяқталмайды, - деді ЕҚЫҰ кеңсесі миссиясының басшысы.
Гачек бұл оның Қазақстанға екінші сапары екенін атап өтті. Ол бұған дейін 2019 жылғы сайлауда қызмет еткен.
— Бірақ ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін бұл 13-ші сайлау. Ертең баспасөз мәслихатында біздің миссиямыз қазан айында бастаған жұмысымыздың нәтижелерін жариялайды. Өткен жолғы сайлау мен қазіргі сайлауды салыстырмаймыз. Сондай-ақ, біз бір елдегі сайлау процесін басқа елдермен салыстырмаймыз. Әрбір сайлау жеке әрі ерекше, - деп түйіндеді ол.
Еске салайық, Қазақстанда алдағы президенттік сайлауда барлығы 10 101 сайлау учаскесі ашылады, сондай-ақ 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық